Отырардағы той (Хадиша Шалабаева) (исполнитель: Шәмші Қалдаяқов (Маяқұм))

Сөзі Сабырхан Асановтікі

Той басталды Отырарда,
Сырдың сұлу бойында.
Кеудесінде оты жанған
Қызылқұмның қойнында.
Аңыздарда аты қалған,
Талай ақын толғаған –
Осындай той Отырардан
Басқа жерде болмаған!
 
Қайырмасы:
Туған елім-ай,
Өскен жерім, асқар белім,
Сенсің әнім менің,
Сәнім менің.
Алақандай аялаған,
Арманым да өзіңсің,
Ақ тілегін аямаған,
Ардағым да өзіңсің.
Сендегі жас, кәрінің де,
Қуанышы мол болсын.
Шәуілдірдің әр үйінде,
Дәл осындай той болсын.
 
Отырардың күні бүгін
Қайта туды жаңғырып.
Жырлап жатыр ұлылығын
Барлық аймақ, атырап.
Әнмен бірге
Күймен бірге толғанам.
Осындай той Отырардан
Басқа жерде болмаған!
 
Қайырмасы.
 
Зіл қара жер қозғалғандай
Палуандар алысқан.
Қызғалдақтай қыздар қандай –
Көз тартады алыстан!
Сол қыздарға оты бар жан
Жүрек отын жалғаған.
Осындай той Отырардан,
Басқа жерде болмаған!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Tragedy Tension Awaiting Imminent Collapse  The Rezillos Top Of The Pops  Noize Mc - Мотивация  This is fucking awesome  The Rezillos Bad Guy Reaction  The Rezillos  Look at me now busta rhymes  Guitar Wolf Roaring Blood 
О чем песня
Шәмші Қалдаяқов (Маяқұм) - Отырардағы той (Хадиша Шалабаева)?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен