Бақыт құшағында (Жанболат пен Жазира) (исполнитель: Шәмші Қалдаяқов (Маяқұм))

Сөзі  Т. Молдағалиевтікі

Көзіңнен бір ұшқын
Ұшты ма білмедім?!
Әйтеуір нұр құштым,
Әйтеуір гүлдедім.
Көктемнің бұлбұлы
Кеудеме қонады.
Құшаққа қыр гүлі
Толғандай болады.
 
Қайырмасы.
Кел билейік, кетпе менің қасымнан,
Қызғалдағым, таң нұрымен ашылған.
Сезім, шіркін, ақ жаңбырға ұқсайды,
Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған.
 
Әнбісің төгілген,
Жырмысың армандай.
Бір бақыт көрінген
Жақындап қалғандай.
Жанарың ұшқыны
Жүректе жанады.
Қолыңның ыстығы
Қолымда қалады.
 
Қайырмасы.
 
Күнәсіз шуақпын
Жаныңа үңілген.
Мен бүгін бұлақпын
Ілгері жүгірген.
Сүйемін мен күнді
Көңілді, жалынды.
Сен биле еркімді,
Әлдиле жанымды.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Кажылык  Елтай бота  Эбикэем  Ты принимай меня таким  Где ты элли  Altuxxa  Dom1no Тысяча призраков 
О чем песня
Шәмші Қалдаяқов (Маяқұм) - Бақыт құшағында (Жанболат пен Жазира)?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен