Жетiм монологы (mixBy MaKZuM) (исполнитель: RapLady aka Aika)

Өзімді ешкімге керек еместей сезінемін,
Тастап кеткен анамды ойласам жүрек езіледі.
Жетімдер үйі,панам болған бала кезден,
Мүгедек боларымды бәлкім ата-анам сезген.
Білмеймін,тек есімде қалғаны мынау,
Жасым 6-ның бер жағы,қолымнан ұстап анам.
Орамалымен сүртіп өзінің көздегі жасын,
Жетімдер үйіне әкеп,осы жерде тұрасын,
Міне,қарашы балалар өте көп мында,
Бауырларыңмен енді аунап,ойнайсын құмда.
Жылама құлыным,мен саған тездеп ораламын,
Деп анашым қалтама салып кетті орамалын.
Мен ол кезде баламын,түсінбедім бұның бәрін,
Бала-бақша ғой мынау,анам келеді қазір.
Мама алаңдама,мен сені күтемін тез келші,
Деген кезім сол еді жетектеп кетті тәрбиеші.

Қ-сы
Қайдасын мама,мен сені сағындым,
Сенің бейнең маған болып барады сағым тым.
Жылуын жетіспейді,басымнан бағым ұшты,
Иіскеп орамалды басамын сағынышты...

Сол күннен бастап менің тозаққа айналды өмірім,
Түсінуге тырыспады ешкімде бала көңілін.
Ұрыспен ұрумен,тәрбиеші бұйрық береді,
Жүрегім тасқа айналып,іштегі сезім сиреді.
Бір күні аяқ асты өртенді жетімдер үйі,
Екі қолымды кесті дәрігер шалған деп күйік
Күнде көрдім қорлықты,соққының астында жатып,
Ұстай алмайм орамалды,сол барады жаныма батып. 
Тек көзбен көремін де,сені еске түсіремін,
Мен-ақ жылай берейін,бірақ сені күлсін дедім.
Мен өз-өзімді өлтіргім келетін кейбір сәттерде,
Бір рет болса да сені,кезіктірсем әттең деп.
Мен қазір бойжеттім,жүректегі жара ұлғайды,
Тәңірден сені тілеймін,бірақ ол бермейді сол қайғы.
Сен қайда жүр екенсің,білгім келеді жағдайыңды,
Құшақтап сені қатты,сүйгім келеді маңдайынды

Қ-сы
Қайдасын мама,мен сені сағындым,
Сенің бейнең маған болып барады сағым тым.
Жылуын жетіспейді,басымнан бағым ұшты,
Иіскеп орамалды басамын сағынышты

Болашақ мені күтпейтіндей болып көрінеді,
Сені ойлаған сәтте,еріксіз жас төгіледі.
Маған аянышты көзбен қарайды,көрген жандар,
Қаламасам да күнде күн шығып,атады таңдар.
Балаға зар боп жүрген жас жұбайлар келіп кетеді,
Кеше жалғыз құрбымды бай отбасы асырап алды.
Мені өзгелер қайтсін,мүгедек деп менсінбейді,
Айтшы анашым менің,бұл өмірде кімім қалды...?
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Поколение танцев  Ангел - нюша  Принцесса несмеяна  Вою на луну - нюша  Помоги мне песня 
О чем песня
RapLady aka Aika - Жетiм монологы (mixBy MaKZuM)?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен