Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)
Рамазан: Жүрек саған ұмтылып, қалдым бәрін ұмытып, Саған деген сезімді тастамаймын үгітіп. Сен менің жұлдызымсың қарайтын телескоптан, Қашан ағып құлайды екенсің менің құшағыма?! Мейлі достар айтсын, олар қызғанады, қайтсін? Білемін туған ағаңды аумай қалған Тайсон. Ал сен тәтті "Ice cream", мен шыдай алмай тістейм, Сен мендік боласың дедім, ал мен айтсам істейм. Не ойлағаныңды білемін, енді айтшы қайтемін? Қалай ғана бағымды басқа біреуге беремін. Тұтқаны қойма! Тоқтай тұр! Бұл жүзінші рет, Мастық әңгімемді тыңдайтыныңа жаным рахмет. Арсен: Бір саған арналған... Сөздерім көп жүректен шыққан. Менде тек шынайы махаббат, Жүрегімді жаралаған. Рамазан: Жүрегімде мұң, қолымда жүзім виносы, Осымен бітті жаным соңғы махаббат киносы. Тоғыспаған тағдырлар, баяндалмаған махаббат, Жүректен шыққан әр-бір сөз тек өзіңе арналады. Басымда бір сұрақ бар: Сүймесең неге қинадың? Сені көргенде соғатын жүрекпен неге ойнадың? Айналдым тас жүрекке еш-бір жанды елемейтін, Суретің былай тұрсын! Тіпті ойлағым келмейтін. Ерімейтін мұз ба? Ол сенің суық сөздерің, Сен үшін өлуге дайын, ақымақ болған екенмін. Енді отырмын міне, қолымда тек таза парақ, Бойымдағы ашу-ыза шабытымды қайда апарады? Саған қайта орал демеймін себебі керек емессің, Екі жыл өмір сыйладың, бірақ мәңгіге қинадың. Мен айтпай-ақ өз қателігіңді түсінген шығарсың?! Жарайды енді, қош бол! Тілейтінім саған бақыт! Арсен: Бір саған арналған... Сөздерім көп жүректен шыққан. Менде тек шынайы махаббат, Жүрегімді жаралаған.