Таңдауым хип-хоп (исполнитель: BALLER feat BaGi)

Таңдауым – Hip-Hop

Қажеті жоқ мағынасы жоғалған сөздердің,
Қажеті жоқ жасаурап жылаған көздердің.
Мен өзгердім немесе сезіміміз сөнді,
Екеуміздің бағытымызды өмір бөлді.
Қал қасымда немесе мені босат,
Бақытым сен емес, ол мені алда тосады.
Қал қасымда немесе мені босат,
Бақытым сен емес, ол мені алда тосады.

Қ-сы: (x2)
Күлімдеп бұрынғыдай маған қарама,
Көзіңдегі жасты сүрт, болды, жылама.
Бұрынғы бақытыңа мені баулама,
Жалғасың келер деп уақыт санама!

Қиялға берілудің қажеті жоқ,
Жүрегімде сөнді сол баяғы от.
Мен үшін – Хип-Хоп, сен үшін – махаббат,
Жоқ, жаным, керек емес, тоқтат.
Ақ парақ дәлел, бұлардың қажеті жоқ,
Сенің қылықтарыңа көңілім тоқ.
Егер шын сүйсең, мені таңдауға қоймайтын едің,
“Hip-Hop-ты немесе мені таңдағын!” – дедің.
Жарайды, қош бол, Хип-Хоп менімен қалады,
Сен болмасаң да, BALLER рэптен ләззат алады.
Саған қарап қалған күнім болмасын, болмайды да,
Рэп – жай хобби емес, ол менің қанымда.
Білем, күтпедің менен бұндай жауапты,
Сен ойладың BALLER мені таңдап, тастайды Хип-Хоп-ты.
Хех, бәріне өзің кінәлі, ақымақ болдың,
Қыз басыңмен өз-өзіңді әнмен салыстырдың.

Қ-сы: (x2)
Күлімдеп бұрынғыдай маған қарама,
Көзіңдегі жасты сүрт, болды, жылама.
Бұрынғы бақытыңа мені баулама,
Жалғасың келер деп уақыт санама!

Әлі күнге дейін күлкім келеді,
“Hip-Hop-ты немесе мені таңдағын!” – дегенің.
Сонда сен мені рэптен қызғанғаның ба, а?
Әлде Хип-Хопты сенен жоғары көреді деп ойладың ба?
Сенің өзі есің дұрыс па, денің сау ма?
Егер рэпім ұнамаса, неге тыңдайсың, а?
Сені бұндай жарты-бас деп ойламадым,
Бұндай қылығыңнан соң, әрине Хип-Хопты таңдадым.
Бұндай мінезіңменен сен алысқа бармайсың,
Себебі сен тек өз басыңды ойлайсың.
Көкіректігің алып асып-тасып барады,
Бір күні өзің секілді жарты-басты табарсың.
Сенен гөрі ақылдырақ менің микрофоным,
Сенен гөрі сенімдірек менің қалам мен парағым.
Ал қош бол, жаным, сәлем, Хип-Хоп,
Менің осы шешіміме көңілім тоқ.

Қ-сы: (x4)
Күлімдеп бұрынғыдай маған қарама,
Көзіңдегі жасты сүрт, болды, жылама.
Бұрынғы бақытыңа мені баулама,
Жалғасың келер деп уақыт санама!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
N Resources  Зажигай Ночь медленная Лия Шамсина  Тропарь введения  Мы с тобой побежим по волнам  Адреналин Артур Назаров  Два крыла Витя Мотанго  Любовь не игра Афанасьева  Хор Великан 
О чем песня
BALLER feat BaGi - Таңдауым хип-хоп?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен