Ғашық болғым келіп жүр... (исполнитель: Арман Құдайберген)
Ғашық болғым келіп жүр... Не болғанын білмеймін, маған, Алла, Көп іздедім, іздеймін, таба алам ба? Ғашық болғым келіп жүр, ғашық болғым, Жүрегінде... Иманы бар адамға. Сөздерінде, тәңірді тиек етіп, Көздерімен көзімді сүйе кетіп. Өзгелерге сый жасап, орынымен, Өзін де сый латқызар жүйелетіп. Адам болса осындай, мені сүйер, Сөз беремін, мен де оны сүйем өтіп. Мінезінде көркемдік қылаң берсе, Бір өзінде өр теңдік сыңар келсе. Тірек болса болғаны, тілегім сол, Жүрегімен іс қылып, Хаққа сенсе. Айтылмаған сырымды айтар едім, Жазылмаған жырымды байқар еді. Сезінбеген сезімді бастан кешіп, Қайран қалып ғаламға, қайтар еді. Қарсы келмен Алланың жарлығына, Пендемін, көніп өтем барлығына. Жаратқаннан сұраймын жалбарынып, Өзгерту енгізші, - деп тағдырыма. Е, Алла, иманды жан кезіктіргін, Өзгесінен білмеймін безіп тұрмын. Тілегімді білемін қабыл алдың, Бәрі жақсы болады, сезіп тұрмын. Сөзім осы ойымды жарып тұрған, Сезім осы бойымды жарық қылған. Төзім осы, әрменге дәрменім жоқ, Өзім осы, басқа еш пәрменім жоқ. Сүйсінетін көрген жан қарағанда, Жан іздедім, білмеймін, таба алам ба? Кезіктірші Тәңірім, не де болса, Жүрегінде... Иманы бар адамға. © Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН