Ғашық болғым келіп жүр... (исполнитель: Неизвестный исполнитель)

Ғашық болғым келіп жүр...

Не болғанын білмеймін, маған, Алла, 
Көп іздедім, іздеймін, таба алам ба?
Ғашық болғым келіп жүр, ғашық болғым,
Жүрегінде... 
Иманы бар адамға.

Сөздерінде, тәңірді тиек етіп,
Көздерімен көзімді сүйе кетіп.
Өзгелерге сый жасап, орынымен,
Өзін де сый латқызар жүйелетіп.
Адам болса осындай, мені сүйер,
Сөз беремін, мен де оны сүйем өтіп.

Мінезінде көркемдік қылаң берсе,
Бір өзінде өр теңдік сыңар келсе.
Тірек болса болғаны, тілегім сол,
Жүрегімен іс қылып, Хаққа сенсе.

Айтылмаған сырымды айтар едім,
Жазылмаған жырымды байқар еді.
Сезінбеген сезімді бастан кешіп,
Қайран қалып ғаламға, қайтар еді.

Қарсы келмен Алланың жарлығына,
Пендемін, көніп өтем барлығына.
Жаратқаннан сұраймын жалбарынып,
Өзгерту енгізші, - деп тағдырыма.

Е, Алла, иманды жан кезіктіргін,
Өзгесінен білмеймін безіп тұрмын.
Тілегімді білемін қабыл алдың,
Бәрі жақсы болады, сезіп тұрмын.

Сөзім осы ойымды жарып тұрған,
Сезім осы бойымды жарық қылған.
Төзім осы, әрменге дәрменім жоқ,
Өзім осы, басқа еш пәрменім жоқ.

Сүйсінетін көрген жан қарағанда,
Жан іздедім, білмеймін, таба алам ба?
Кезіктірші Тәңірім, не де болса,
Жүрегінде... 
Иманы бар адамға.

© Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Яктои дилам гр Вазир  Derdli heyatim 2012 Uzeyir Mehdizade  Bruder in Zechen und Gruben Various  Askim incidi menden 2013 LoGoSuZ Azer  Lokah Samasta Miten with Deva Premal Deva Premal  Vusal Ibrahimov Serab suz 2013 Anar Production  Бадло  Дождь Prod Tematik 2013 ROMEO 
О чем песня
Неизвестный исполнитель - Ғашық болғым келіп жүр...?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен