Мен – сен үшін Өлеңмін ең әдемі (исполнитель: Танагөз Толқынқызы)

Мені сонша Тәңірге жақындатты...

Ақтар дағы жанымды жайып... түсін...
Толқын – тағдыр сынайды қайық күшін.
Ғайып құсым, сипайын маңдайыңнан
Сипайыншы... сен оған лайықтысың.

Бар екенсің! Мен соған шүкір дегем.
Сезімімді қайтейін шүпірлеген?
Мен – сен үшін Өлеңмін ең әдемі!
Сен – мен үшін Өмірсің лүпілдеген!

Сен де мендей: Жіберме! Алып қал!- де.
Сүйкімді боп көрінер ғаріп хал де...
Мен сен үшін – мәңгілік сағынышпын
Сен – мен үшін ең соңғы жарық сәуле!

Зарықтырды. Күттірді. Лапылдатты.
Өкіндірді... Өксітті... Мақұлдатты...
Сізге қарай ұмтылған әр сезімім
Мені сонша Тәңірге жақындатты...
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Он ищет  Last change  Отец Беломорканал  River of Crystals  Smoke d  Shinedown Nowhere kids  Mario How Could You 
О чем песня
Танагөз Толқынқызы - Мен – сен үшін Өлеңмін ең әдемі?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен