"Ақ мамам" (из фильма "Тюльпан") (исполнитель: с. Ә.Дүйсенбиев ә. Ә.Бейсеуов)

Ел жатқанда жатпаған
Мен деп тыным таппаған
Бақыты үшін баланың
Аман-сау жүр ақ мамам

Күлімдеген көзіңнен
Күн мейірімі сезілген
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен

Өзің маған мият-күн
Сен деп таңым жиі атты
Ақ маманың айқайы
Айналайын сияқты

Күлімдеген көзіңнен
Күн мейірімі сезілген
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен

Қуат беріп құшағың
Қанат бітіп ұшамын
Естіртемін алып кеп
Ел білмейтін құс әнін

Күлімдеген көзіңнен
Күн мейірімі сезілген
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен

Көрсетемін күллі елді
Жарық етем түндерді
Өсіріп мен сыйлаймын
Жұрт көрмеген гүлдерді

Күлімдеген көзіңнен
Күн мейірімі сезілген
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Матерь божья  Поп-корн тишина  Кристина Си-Mama Boss  Соберемся вместе  Заплелись  Ты не та тема  Трах-трах-трах-тибидох  Просто сенсация 
О чем песня
с. Ә.Дүйсенбиев ә. Ә.Бейсеуов - "Ақ мамам" (из фильма "Тюльпан")?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен