Мойынқұмда (исполнитель: Қоңыр тобы)
МОЙЫНҚҰМДА Сөзі Нұрсұлтан Әлімқұловтікі Мойынқұмда ел жайлауы, Ел жайлауы көк шалғын. Хан тауы мен Жамбыл тауы – Кең жайлауы достардың. Қайырмасы: Мойынқұмда, Мойынқұмда, Мойынқұмда жайлауым. Достарымның дидары, Жайдары, жайдары, Ей... Ару қыздар, Ару қыздар, Сұлу қыздар – сырласым, Өздеріңді құрбың жырласын! Қалалардай сәулеті бар, Қарабөгет, Талғабай, Ағыл-тегіл дәулеті бар, Шудың бойы малға бай. Қайырмасы. Жыр алыбы – Алатаудан Елдің даңқын шарлатты. Ерлері көп ер атанған Жазылбектей ардақты. Қайырмасы.