Алтын Құмдағы Тебіреніс (исполнитель: КешYou (Даяна Белялова))

1.Хеееей!
Ойлы кейпін қарашы жазғы орманның,
Тап осылай тебірентер наз қонған күн.
Дауыл күнгі теңіздей толқып-толқып,
Білдің сәулем бір толқу аз болғаны.
Ән жеткізер шақырсаң келмесіңе,
Сендіреді мың ойлап сенбесіңе.
Алтын құмда алаңсыз аунап жүрсем,
Іңкәр қызы Ақ құмның келбесіңе.
Алтын құмда алаңсыз аунап жүрсем,
Іңкәр қызы Ақ құмның келбесіңе.

Игигәй-гиккәй,игигәй-гиккәй,игигәй-гиккәй-ай,
Игигәй-гиккәй,игигәй-гиккәй,игигәй-гиккәй-ай.

2.Хеееееехей!
Толқып жатқан толқындар баяғыдан,
Аумай кетем ақ бөбен саяғынан.
Алаң болған сияқты ала толқын, 
Ала бұлттың иіскейді-ау тамағынан.
Соның бәрін көргенде бір үндетіп,
Ән оралды-ау денемді дірілдетіп.
Мен де жаудым жаңбырдай таңдатылған,
Күні бойы шатырды дүрілдетіп.
Мен де жаудым жаңбырдай таңдатылған,
Күні бойы шатырды дүрілдетіп.

Игигәй-гиккәй,игигәй-гиккәй,игигәй-гиккәй-ай,
Игигәй-гиккәй,игигәй-гиккәй,игигәй-гиккәй-ай. 

Мен де жаудым жаңбырдай таңдатылған,
Күні бойы шатырды дүрілдетіп.

Игигәй-гиккәй,игигәй-гиккәй,игигәй-гиккәй-ай,
Игигәй-гиккәй,игигәй-гиккәй,игигәй-гиккәй-ай
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Sayat nova tamam ashxarh ptut eka  Аят аль  Стая IceCreamOff  Неужели за два года  Kelly clarckson addicted  Дууhабын  Franky-just  Не говори ни слова oxxximiron 
О чем песня
КешYou (Даяна Белялова) - Алтын Құмдағы Тебіреніс?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен