Түңгі көбелек (2015) [kazVIP.kz] (исполнитель: MusLim & Zeba(BozBala) [kazVIP.kz])
[kazVIP.kz] ТҮҢГІ КӨБЕЛЕК [MusLim] Сор маңдай, былайша айтқанда тесік, Жүректердің төрінен саған жабулы есік. Мені мазалама, өткенді қазбалама, Өйткені тазаланған күйде емессің жазаландың. Жеңілтектің лас, кір төңірегі, Өркөкірек болғаның жақсы, болғанша түңгі көбелек. Әркімнен ақша сорып, қаңғырып дала қонып, Әй білем жылытпассың жылап жатса да балаң тоңып. Қымбат көліктер торуылдап шықпайсың ақсүйектің жанынан, Бас иесің малына, қасиетің табылған арамның қанынан. Адам емессің хаиуансың ашылмайды бағың да! Қайдан жұмақ жай, саған енді қайда? Қайран қапыда қалдың қол-аяғың байлана. Бай да қарамайды саған енді жәйдағы, Алтын көрген періштедей кеттің жолдан тайғанап... Қ-сы: Ақша соңында түнделеп, Күнде көбелегің сәнденіп гүлденеді. Балға ұшқан арадай, аңқау болған баладай, Кезекпе-кезек еркек заты гүлге кеп. [Zeba] Ұшын көрсең ақшаның өзгересің, Нысанаңды көзге ілесің, жұмысыңды тәп-тәуір білесің. Ай Аделя, жасың болса келіп қалды, Арттан ерген жас қыздар өкшеңді басып қалды. Түсінемін балаң бар, олдағы адам баласы, Еркек затына Аделя қашан қанасың а? Кәрі қасқырсың ба, әлде үкі?! Қазір ғой қымбат ойын менен күлкі. Қара ойдай болған кезде аппақ келбет, Тегінге де алмайды-ау сені еркек. Ай қарағым Аделя. Түсінемін бұл күнкөріс, Түнгі көбелекте мамандық қой тертөгіс. Холидэйдің есігін тырнайсың мысықтай, Қалталы шетелдіктер көз салады қызықтай. Махаббат ақша үшін, әлді ақша мақсат үшін, Шығар ма екен мүйізің бұдан а? Қарағым Аделя... Қ-сы: Ақша соңында түнделеп, Күнде көбелегің сәнденіп гүлденеді. Балға ұшқан арадай, аңқау болған баладай, Кезекпе-кезек еркек заты гүлге кеп.