Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)

Бейнеңді суреттесем жарқырап атқан таңдай
Таулардың биігінде жамылған аппақ қардай
Құлауға қорықпаймын сен менің қанатымсың
Бақытқа жетелейтін көктегі арман құсым
Махаббат тау болса ең биік шыңға шықтым
Әлемге жар саламын, мен саған шын ғашықпын

Бейнеңді суреттесем аспанда толған айдай
Әлемге шуақ шашқан нұрланған жүзің қандай
Құлауға қорықпаймын сен менің қанатымсың
Бақытқа жетелейтін көктегі арман құсым
Махаббат тау болса ең биік шыңға шықтым
Әлемге жар саламын, мен саған шын ғашықпын

Тәуекел биікке қадам бастым
Сынға түстім сүріндім мен адастым
Сол кезде ай болып жол нұсқайтын
Қараңғыда менімен араластың
Боран жел дауылмен ерегестім
Құмды жол ойпаттарды кестім
Бас тігіп қалайда жету қажет
Ең биік шыңына Эверестің
Сүрінбедім құс болып қалықтадым
Одан сайын биікке шарықтадым
Шөлдегенде бұлақтай мөлдір таза
Жоғарыдан нәр беріп сарқыраттың
Міне жеттім бір қадам енді қалған
Сол кезде қол ұшын берді маған
Қол ұстасып сенімен шын ғашық боп
Мен саған шын ғашықпын
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
A Fine Frenzy The World Without  A Fine Frenzy Bird of the Summer  A Fine Frenzy Stood Up  Грусть печаль тоска  A Fine Frenzy The Beacon  A Fine Frenzy Pinesong  A Fine Frenzy Winds of Wander  A Fine Frenzy Avalanches 
О чем песня
Неизвестен - Отсутствует?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен