Отсутствует (исполнитель: Елжас & Каракесек)
Қалауың білсін Қайдағы сезімдер, қайдағы махаббат, Сүюді білмейсің, өзінше тәкаппар. Сұрақтар көбейді, сөйлесейік оңаша, Ойымды жеткізсем, жеңілдеп қалам ба? Ал, енді мұқият тыңда сөздерді, Әлі сені сүйеді десең, ақымақ-ау, қателестің. Сенсіз де толып жатыр, ойланатын көп жағдай, Тағдыр қабағын түйді, шошып кеткенің қалай. Сенің сүйем деген сөзің санамды тесіп барады, Күлімдеген сенің жүзің мені өзіңе тартады. Мені қасыңнан іздейсің қиналған кездеріңде, Жылытып демесе дейсің, бірақ қайтып келем бе?.. Сезімнің оты сөнді, жүрек қиналып бітті, Нүктені қоя салайын, осымен бәрі бітсін. Сенімен маған қиын, отырып кейде ойланам, Ойды параққа түсіріп біраз жеңілдеп қалам. Өткен күнді ойласам, өртенеді өзегім, Сен енді мендік емес, бақытысың өзгенің. Не болса да, тоқтама, өз жолыңмен жүре бер, Мен туралы ойлама, менде бәрі керемет. Қ-сы: Қалған өзіңде заттарды кері қайтар, Жаным, кері қайтар. Саған тағы айтам, жаным, тағы айтам, Ойлама келер деп қайта, ойлама. Алыс жаққа алып кетпе жанымды, ойнама. Сәлем, әйтеуір танып тұрсың ба, Айтқаның болсын ба, мұндай сезім құрысын ба? Жарайды, қалауың білсін, ха, осы ма қалауың, Сөндіріп тастайық онда түкіріп типа «махаббат алауын». Махаббат дей ма саған менің ғашық болғанымды, Қызғаныш па, өзгеге ұстатқым келмейді қолдарыңды. Бауыр басып қалғаным ба, бөлгім келмейді жолдарымды, Сен емес пе үйреткен қайғырып маған толғануды. Қолымнан келеді, мен сені ұмыта алам, Мен сені ұмыта алам, өзгені ұната алам. Білмейсің ба не мені, ойың басқаша ма еді, Жалығып кеткен боларсың, басқаша бастай ғой енді. Сен қатайғаның деймін бостандықтың демін алып, Бақытты болып кетерсің, асықпай демалып ал. Құтылдым деп ойласаң, ұзағынан сүйіндірсін, Не болса да, бәрі кеш, түсіндің бе түйіндісін? Қ-сы: (х2) Қалған өзіңде заттарды кері қайтар, Жаным, кері қайтар. Саған тағы айтам, жаным, тағы айтам, Ойлама келер деп қайта, ойлама. Алыс жаққа алып кетпе жанымды, ойнама.