Неліктен [www.kazmusic.kz] (исполнитель: Еркін Нуржанов)
Ол кезде ғашық едік, аттамаған ақ ардан, Қазіргідей жас тамбаушы еді жанардан. Қалып қойды жүрегімде сағыныш, Орындалмай санамдағы сан арман... Неліктен? Жаным, Сонша сені жақсы жақсы көріп пе ем? Сен емес пе ең мұз жүректі еріткен? "Қош!" дедің бе, түсінбедім! Неліктен? Неліктен? Тағдыр бізді екі айырды бөліп тең? Білмедік пе алдымыздан не күткен? Көріктім ең, көрінбейсің! Неліктен? Ол кезде мен едім ғой саған сезім білдірген, Сен де ғашық боларыңды білдім мен. Сені сүйген жүрегіме бағынбай, Қоштасып-ақ қимасыңды кім білген?...