Айжан Табаракқызы "Сізге" (исполнитель: Өтегенова Ақүлбір)

Ұмыттың ғой... Қайда әйтпесе хабарың?
Бір қарайған талды күткен жанарым...
Күн сайынғы әдетінше аңсарлы,
Құшағына құлады ақшам қаланың.

Көп кешікпей қияқтанып туады ай,
Бар мұңымды сол ғана ұғар сұрамай.
Жүрегімді қайтсем екен, қадірлім,
Сенен өзге жүрген ешкім ұнамай...

Паң дүние әзиз басын кімге иді?
Бала-қайың бақта үнсіз мүлгиді...
Сағыныш па, сені ойласам әйтеуір,
Отырамын кешіп ұдай бір күйді.

Жетегінде кете алмадым өзгенің,
Бәлкім, сендей бір жылылық сезбедім?
Қайта оралсаң... Қайта оралсаң... Оралсаң...
...Қалмай жатыр сөзге кім?!

Сен кетер деп ойлап па едім жыраққа?
Ол жайында тағдыр бізден сұрап па?
Кейде осы жеккөремін өмірді,
Ертегідей жетпейтұғын мұратқа.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Твои Зелёные Глаза Нэнси  Родная планета  Песня наемников  Перевод Not Afraid  Алло 7б  All Those Years Ago George Harrison  Танцуй как будто тебя никто 
О чем песня
Өтегенова Ақүлбір - Айжан Табаракқызы "Сізге"?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен