Келші Жаным (исполнитель: Арнау)

Көгімдегі айым дейін сені,
Көкшедегі қайың дейін сені.
Көзден ұшып жырақта жүрсең.
Шамшырағым күнім дейін сені,
Әнші бағым, гүлім дейін сені.
Өзіңмен бір жұмаққа кірсем.

Қайырмасы:
Келші бағыма әлдеқайда ұшпай,
келші, жаным,
Қоншы қолыма арман аппақ құстай,
қоншы, жаным.
Келші бағыма,
Қоншы қолыма,
Келші, жаныма, кел!

Сағынғанда саялайын сені,
Аққуымдай аялайын сені.
Айдыныңда қалықта, жаным.
Бала қаздай мәпелейін сені,
Жаңа өмірге жетелейін сені,
Жаныма кел, жабықпа, жаным.

Қайырмасы:

Аппақ таңдай тілегім де өзің,
Алатаудай тірегім де өзің.
Жер бетінде қатар жүргенде.
Қоныстасып бірге күн кешейік,
Қол ұстасып бірге үндесейік.
Атар таңға, батар күндерге.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
16 op bleach  Отпустить shot  Арчи м-I miss you  За Блохина Дмитрий Гордон  Skilet - Whispers in the dark  Como quieres martina stoessel  Niaz diasamidze 33a  Аня и стас 
О чем песня
Арнау - Келші Жаным?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен