Түнгі диалог (Ақберен Елгезек) (исполнитель: Бекзат Смагулов)
Түнгі диалог Мен сенен сұрадым: Талдар сөйлей ме деп, Түн ішінде ырғалып билей ме деп. Бұтақтарда сырғадай тербетілген, Жапырақтар бір күні сирей ме деп? Сен сұрадың: Жұлдыздар жылай ма деп, Себепсізден-сепебсіз құлай ма деп? Ғарыштағы бос қалып ұялары, Өлген жұлдыз ешқашан тумай ма деп? Мен сұрадым: Ақ гүлдер күлмей ме деп, Үзілерін қай күні білмей ме деп. Көктемеде қуантқан бәйшешектер, Күзде бізді ұмытып жүрмей ме деп? Сен сұрадың: Бұл күндер өтпей ме деп, Бұлттай көшіп жыраққа кетпей ме деп. Сағыныштың тұманы сейіле ме, Мұнарлана құласа беткейге кеп? Мен сұрадым: Азап пенен шаттықтың арасында, Сен мендік мәңгілік боласың ба? Түнге қарай осылай ұша бермей, Бір күні кеп қолыма қонасың ба? Мен сұрадым, өзімнің биігімнен, Сен жыладың: «Сүйем ғой! Сүйемін!» деп...