Казактын кара баласы (исполнитель: Серилер тобы)

Егісте жүрген ел болмас, Етектен кесіп жең болмас,
Ежелеп алған  ауруға  екі дүниеде ем болмас, Ананың  сүтін  арт  емген, атадан бала кем болмас,
Тебініп атқа мінседе-ей,тектіге тентек тең болмас 
2. Қазанға түспей ас болмас, Әрекет   қылған   аш қалмас
Қазақтың  қара  баласы  біріне-бірі  қас  болмас, Қазақтың  қара  баласы  біріне  бірі  қас  болса
Күнедердің  күні  туғанда  жат  болудан  жасқанбас
3. Өзіңе  өзің  жаудайсың, Бітпейтін  істі  даулайсың
Көріңді жатқа  жаиратып, Төсекте жатып аулаисың
Аузыңмен  орақ  орасың, Тіліңмен оны баулайсың
Атымдай  сенің  нең қалған, Қожанасырдан  аумайсың
Сары-ала  қымыз  сары қымыз, Саясы  кимге  алданыш
Самырсын қанат сары бала , Самұрық  көкке  самғап  ұш
Жақынның  бәрі жаранса, Алыстың  бәрі  арбағыш
Балаға  бағбан  болса егер, Бабадан  қалған  ар-намыс

Асуда-асу  бел  қайда, аса гүр  соққан  жел  қайда
Еңіреп  туған ел  үшін,  Ерлігі сынды ер   қайда
Еңісте малы  мың қырған, ежелгі  қоныс  жер  қайда
Еншісі  бөлек  ер  ұлан еңсесі  биік  ел  қайда
Еншісі  бөлек  ер  ұлан еңсесі  биік  ел  қайда
ООООООООООООО
Атадан  қалған  көз  қайда,қабыстан  қалған  сөз  қайда
Алауыз  болса  арасы,  ағайын  қазық  тозбайма
Барғада  жоқпа  бар  қадір, баяғы  бекзат  кез  қайда
Кенеуі  кеткен  тіршілік кеуденің жерін  қозбайма
Бақсының  көзі  бал  балтас  басына  бай ғұс  қонбаима
Қарашап  біткен  қараш  үй  қараусыз  бір  күн  қалмайма
Отқада  түскен  қызыл  тіл,шоққа  да  піскен қызыл  тіл
Бекерден  бекер құдай  ау  заманның  сырын  толғаима
Аспанның  қары  алағат, Алланың  нұры  ғаламат
Келген бір  күнге  салауат, көрген  бір  күнге қанағат
Жаманнан  туар  жалмауыз,  жақсыға  құмар жамағат
Қадымнан  қалған  қағанат,  қазаққа  бүгін  аманат
Қадымнан  қалған  қағанат,  қазаққа  бүгін  аман
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Умка И Броневичок Люди под сорок  Умка И Броневичок 11000 жизней  Умка И Броневичок Посмотри на себя  Умка И Броневичок Керуак  Умка И Броневичок Вся любовь  Умка И Броневичок Часть программы  Умка И Броневичок National Hero 
О чем песня
Серилер тобы - Казактын кара баласы?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен