Айтылмаган олендер (исполнитель: Ринат Заитов)
Ринат ЗАЙЫТОВТЫҢ телеарналардан қиылып қалған жыр жолдары Боздаса кеудемдегі бота мұңым, Құл болған қажытады соқа күнім. Кедейлерді қудалап, бай шалқытсаң, Ешқашан әпермейді опа мұның. Айына 360 мың долларлап Айлық алған бетсізі жоғарының. Біреуі Африкада аң аулап жүр, Орманын отап болып Отанының. Бақшасына Бразилияның талын егеді, Ақшасына ауылдың шопанының. Біреуі бір ауылдың жыл бюджетін Шашады шубысына тоқалының. Апыр-ай, бұлар қашан тоқтатады, Елімнің қазынасын қопаруын. Осындай опасыздарды ойнақтатып, Сен қайда қарап тұрсың, о, Тәңірім! Жасаған болашаққа жорықты еппен, Ойымды өтем бүгін бөліп көппен. Қазақтың тарихында ақындар көп, Еліне маңдай терін сеніп төккен. Кешегі Бұқар жырау дара дана, Әр сөзін Абылайға ерікті еткен. Бар жайды білгеннен соң хан Абылай, Ырысын қазағымның толық та еткен. Әу бастан ханға айтылған шындық қана, Басшының әрбір ісін көрікті еткен. Бүгінгі зиялының түрін көрсең, Шетінен өзін ойлап шөгіп кеткен. Басшылық сұрай қалса бүлк етпестен, «Жағдайы» дейді, «жұрттың оңып кеткен». Ақылы жеткенімен, батылы жоқ, Салқыны саясаттың соғып кеткен. Иманы жұртта қалған ағалардың, Милары металлолом болып кеткен. Қазақтың аз болды ма зор ұлдары, Ұққанға шын ұлағат соның бәрі. Төле би, Қазыбек пен Әйтекелер, Парызын парасатпен орындады. Кесіп айтқан имандылық арқасында, Тарихтың тұр ғой, әне, төрінде әлі. Ал бүгінгі би деген депутат қой, Мағынасын ұғынсақ оның-дағы. Бұрынғылар халыққа жол көрсететін, Бүгінгілер таппай жүр өз жолын да әлі. Бүгінгілер би де емес, биші де емес, Бишік боп тұр биліктің қолындағы. Қырандай шырқап ілсем шалқып кеп бір, Сөйлейін Бұқарлардан сарқыт боп бір. Қазақстанды бір үлкен семья десек, Жанұямыз шалшық боп тұр, балшық боп тұр. Күйеубаламыз шетелге қашқанменен, Кигені жібек пенен барқыт боп тұр. Ағамызда ақыл жоқ, дегенменен, Жайы жақсы, қарны шарқыт боп тұр. Елеңдеп әкемізге қарағанмен, Ол жаққа да жетпейтіні тәртіп боп тұр. Үш жүздің тағдырынан бұл күндері, Үш қыздың болашағы артық боп тұр. Тіл жайлы тебіреніп толғағанда, Ақиқат айтар болсам, қолдар Алла! «Тіл жылы» деп бір кезде ат қойып ек, Медеу бола алмады-ау ол да жанға. Бір жылда тілім қалай оңып кетсін, Осы күнге жеткенше оңбағанда? Он бес жыл өзге тілде сөйлегендер, Өз тілін бұл бір жылда қолға алар ма? Жыл емес, бір-ақ күнде сөйлер еді, Заңымыз мұнша сайқал болмағанда. Апыр-ай, біздің кемел үкіметке, Осыдан басқа ақыл қонбаған ба? Бір тілді бір жыл бойы үйренетін, Тілсіздер соншама сорлы адам ба? 42 әріпті ж