Dara_jelsiz_tunde_jaryk_ai (исполнитель: Dara (Абай Кунанбаев))
Абайдың әні Желсіз түнде жарық ай Сәулесі суда дірілдеп Ауылдың жаны - терең сай Тасыған өзен күрілдеп Қалың ағаш жапырағы Сыбырласып өзді-өзі Көрінбей жердің топырағы Құлпыраған жасыл жер жүзі Тау жаңғырып, ән қосып Үрген ит пен айтаққа Келмеп пе едің жол тосып Жолығуға аулаққа? Таймаңдамай тымылжып Бір суынып, бір ысып Дем ала алмай дамыл қып Елең қағып, бос шошып Сөз айта алмай бөгеліп Дүрсіл қағып жүрегі Тұрмап па еді сүйеніп Тамаққа кіріп иегі?