Қадірле, Қастерле, Құрметте(.com/ghad_salamalec) (исполнитель: G.H.A.D)
1-ші куплет: Қадірле ана, әкені, қадірле әрі адал некені. Ұмытпассың тәрбиені, қадірле отбасын киелі. Адамзат біліп жүр сұрақ-жауабы бар о дүниені. Қадірле тәңірді, Қадірле шынайы досты. Құдайым бір жолда, Жолдасты қосса. Қадірле кітапты Кәрим, Етпе аяқ асты. Жатпасын шаң басып босқа. Қастерле, сырт соққан алтын уақытты, Бақыт бұл, екі келмес асыл жақұттай. Қастсерле жастық шағыңды Бала сағымды, сөнеді қызыл от жалындай. Қастерле, сау кезіңде ден саулықы, Дау кезінде біл жеңген жау мықты. Екі қол аяқ жүргеніңе, сүргеніңе, Екі көз, құлақ-ауыз біліп көргеніңе. Қайырма: Қадірле, қастерле, құрметте, Тек құтылар, ақыл әмірі сананы би еткен. Қадірле, қастерле, құрметте сен, Ар-намыс қасиет бір туған адал ниетпен. 2-ші куплет: Құрметте, тәңір сүйген ұлы бабаларды. Құрметте пайғамбар, сахаба даналарды, Әтең-ай әттең кеше, бүгін, ертең, Тең болайық ағайын тек бір құрметпен. Қастерле өз тіліңді, дініңді. Қастерле ұлы дала өзегі бар түбіңді. Қастерле ұлықсыз дүние тар лас түрме, Ізеттілік бар әдет ғұырып пен дәстүрде. Қадірле, төкпе ішер суды, Қадірле, өкпе болатын жасыл бау нуды. Қадірле, тіле аман болуда. Көтер ұлтты биікке, көтер көкке көк туды Қастерле, қалам, кітап пен дәптерді, Мұғалім, мектеп үйретті әріптерді. Алсаң білім, ақыл көрер биіктерді, Басынан төк, төгер болсаң қара терді Қадірле жер ана отанды, Қара шаңырақ байтақ дала жотаңды. Жұтасаң ауа, ай мен күн аспанда, Қадірле нан, тұзыңмен дәм татқан сорпаңды. Құрметте барлық кішіні, Кіші оның тек қана пішіні. Құрметте әлбетте жас үлкен кісіні, Басы бардың соңы бар, Өйткені “адам” оның есімі.