Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)
ІЗДЕДІМ СЕНІ... Iздедiм сенi... шыққан әр күннiң көзiнен, Iздедiм сенi... өмiрдiң мына өзiнен. Iздедiм сенi... қоңыр да әсем дауысыңнан, Iздедiм сенi... сезiмге толы көзiңнен. Сезсең ғой шiркiн,өзiңдi сүйген бiр жанның, Алыста жүрiп жүрегi әбден сыздарын. Бiлемiн мен де қыс,көктем,жаз бен күз барын, Түсiнсең екен мендегi сезiм сырларын. Түсiну қиын,сiрә да мынау өмiрдi, Жұбату қиын, жабырқау тартқан көңiлдi. Сағынып сені, жанардан жасым төгiлді, Түсіну қиын,түсіну қиын өзіңді. Көз ілмей жатып,ұйқысыз атты таңдарым, Ұмытам дедім,өзімді өзім алдадым. Билеген бойды,бір тылсым күшке таң қалдым, Ойымнан сені шығарып тастай алмадым. Үмітпен қарап,ататын әрбір таңыма, Отырмын бүгін,өзіңді тағы сағына. "Бақытты бол"деп,АЛЛАдан тілеп жалына, Жыр жазам бүгін тек саған арнап тағы да. Кінәла мені,сезімім үшін айыпта, Сезімді саған,ашып та айтсам айыппа. Жоғалсам деймін,көрінбес көзге ғайыпқа, Сезімім үшін бұйыра бергін айыпқа, Кінәла мені,кінәла мені айыпта...