Уш Коныр (исполнитель: Байжан)
1. Үш - қоңыр Алатаудың қойнауында Әкемнің ізі қалған жайлауында Қасқасу үр-гір тасып, гүл еркелеп Архарлар жайылатын аймағында Қайырмасы: Ай үш - қоңырым туған жерім Рахым нұры қонған жерім. Ай үш - қоңырым тау бесігім Жүрегімде мәңгі есімің. 2. Бұл жерде тарих сырдың сыбырыбар Бабалар тұлпарының дүбірі бар. Бүл жерде Жамбыл жакем өлең айтқан Өнердің ақыңдықтың тұғыры бар. Қайырмасы: Ай үш - қоңырым туған жерім Рахым нұры қонған жерім. Ай үш - қоңырым тау бесігім Жүрегімде мәңгі есімің. 3. Шыңдары Төле бидің қалпағындай Жазира жасыл әлем алқабындай. Жуасы, қарақаты, бүлдіргені Әжемнің шекер қосқан талқанындай Қайырмасы: Ай үш - қоңырым туған жерім Рахым нұры қонған жерім. Ай үш - қоңырым тау бесігім Жүрегімде мәңгі есімің. 4. Көрінер сонадайдан анық маған Шыңында қырандары қалықтаған. Қыранның самғауына құмар қалып Туыпты ұландарын алып далам Қайырмасы: Ай үш - қоңырым туған жерім Рахым нұры қонған жерім Ай үш - қоңырым тау бесігім Жүрегімде мәңгі есімің