Көзіңнің мөлдірін-ай (исполнитель: Абай)
Барады аулым көшіп Қызылжарға, Таң атар, шолпан туып, сызылғанда, Көзіңнің мөлдірін ай. Осы әнге тамылжытып сала берем, Көңілім өзіңді ойлап бұзылғанда, Көзіңнің мөлдірін ай. Қайырмасы: Құландай жүйрік майда жал-ай, бар ма екен біздей ынтызар-ай, Ішінде топ қарағай уәделескен, Көзіңнің мөлдірін-ай. Ел алды қарайғанда қамыс қалды Ауылы қалқатайдың алыс қалды, Көзіңнің мөлдірін-ай. Ауылға алыс қалған қарай-қарай Қайрылып қаршығадай мойным талды, Көзіңнің мөлдірін-ай қ-сы Ұшады аққу көлден қайраңдаған Дариға, өткен өмір айналмаған, Көзіңнің мөлдірін-ай. Ауылға алыс кеткен, қимас қалқа Жүзіңді сағындым ғой жайраңдаған, Көзіңнің мөлдірін-ай.