Отыздан асып барамын (30 асып барамын) (исполнитель: Айқын Төлепберген)

Сұқтанып тұрып жанарың,
Сұрыма неге қарадың?
Солай да, солай, қарағым,
Отыздан асып барамын.
Шашымның санап әр ағын,
Таңырқай берме, қарағым.
Санаулы басқан әр адым,
Отыздан асып барамын.

Қайырмасы:
Қуанып кейде қаламын,
Қуарып кейде қаламын.
Қартайған ата-анамың
Артынан еріп барамын.

Белгісі тұр ма ағаның,
Бетіме неге қарадың?
Бақытын тілеп баланың,
Отыздан асып барамын.
Әзілің қайда, қарағым,
Әжімге несін қарадың?
Артымда қалып аларым,
Отыздан асып барамын.

Қайырмасы:

Солай да, солай, қарағым,
Көңілдің таппай қалауын.
Жастықтың жықпай жалауын,
Отыздан асып барамын. 
Сұқтанып тұрып жанарың,
Сұрыма неге қарадың?
Солай да, солай, қарағым,
Отыздан асып барамын.

Қайырмасы:
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Снимайте маски покажите лица ЮГ feat Сэт  Боль Анна Горшкова  Sunrise nippon  Кендис перри  Кети без тебя  Мс Илюха-реп про любовь  Mr Saxobeat Alexsandra Stan 
О чем песня
Айқын Төлепберген - Отыздан асып барамын (30 асып барамын)?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен