тает лед(НИШевская версия) (исполнитель: НИШ ХБН г.Атырау)
1-ый куплет: Мұқият тыңда, төр құлағыңды Қойғаннан соң сен сұрағыңды Айтып берейін НЗМ жайлы Соған арнайын бұл жыр әнімді Таңғы жетіде көз ісіп кеткені Асығып таң менен мұңда жеткені Флешмобы талай ағашты билеткен Назарбаев Зияткерлік мектебі Сегіз жарым, сыныпқа беттеді Ісіги кетіп екі беттегі Сабақ басталды, қоңырау үні Оқушыларды дірліткені Сусындатып білім сепкені Мұғалімдерінің еңбек еткені Табысты барлық оқушылары, бұл- Назарбаев Зияткелік мектебі ПРИПЕВ: Оқушысы зияткер, Еш жерде жоқ мұндай жер Мектепке кеп өмірдің Толығын көр қызықтың Нақышталып өрілдік Биіктерден көріндік Білім менен ғылымның Баса білдік мөрін нық 2-ой куплет: Көрермен енді Назарыңды мұнда сал Зияткердің бойында Өнер, білім, бәрі бар Жетінші сынып Биыл мен бітіремін Бізбен қосылып Ән шырқандар ----------- 3-ий куплет: Әр сабақта білім алып Формативка жазамыз Әр тоқсанның соныңда Суммативтеп жабамыз Талпыңды алып қалсақ Біз қатемізді табамыз Жетті алып қуанып Мақсатты біз жабамыз Шаңырақпен сайыста Орындарды аламыз Бір-бірімізді қолдап Биік шыңға шығамыз Үш тілді еркін меңгеріп Жан жақты біз боламыз Құндылықтары мектептің Мәңгі есте қалады 4-ый куплет: Әлеуметтік жобалар Ерекшелігі мектептің Ауылда болып екі апта Оқушыларды терлетті Ата-ананның бағалап 10 күн жасап жұмысың Бағалауға мектебім Үйреттің сен еңбекті Үлкен-кіші барлығы Бір шаңырақ астында Ұлттарға да бөлінбей Тату-тәттіміз мұңда Өнерлі,спортшы, білімді Оқушылары дарын Мектебіме арнап жазған Осы әнімді тыңда