Sen uwin (исполнитель: Meirambek Bespaev)
Сен үшін жаралғандаймын Жете алмай саған тіл қатып Жүректің мұңын тыңдатып Сағыныш болып кеудемді Таба алмай емін бұл уақыт Өртенген сезім бойында Қанымды қызу тулатып Жаныңнан бір сәт табылсам Мен үшін сол да бір бақыт Қ-сы: Жанымды тербеп балдай мұң Әнімді саған арнаймын Жалт еткен жарық жалғанда Сен үшін жаралғандаймын Құс болып ұшып самғаймын Іздеуден сені талмаймын Мөлт еткен мөлдір ғаламда Сен үшін жаралғандаймын Сен үшін жаралғандаймын Теңіздей тулап тамырым Таусылды төзім сабырым Жанымды менің шөлдетпей Нұрыңды төкші жарығым Жабырқап жүрген көңілді Жазатын сенсің дәруім Сүю мен өтсем өмірде Арманым бар ма аруым Қ-сы: Жанымды тербеп балдай мұң Әнімді саған арнаймын Жалт еткен жарық жалғанда Сен үшін жаралғандаймын Құс болып ұшып самғаймын Іздеуден сені талмаймын Мөлт еткен мөлдір ғаламда Сен үшін жаралғандаймын Сен үшін жаралғандаймын Сырғумен өтер сағым жыл Оралмас қайта шағың бұл Жылуын аңсап сезімнің Жаураған менің жаным жүр Еліктей сұлу бейнеңмен Еріксіз мені бағындыр Сарғайтып менің жанымды Сағындыр сәулем сағындыр