Дорожка 5 (исполнитель: Неизвестный исполнитель)
Өзге емес , өзім айтам өз жайымда, Жүрегім жалын атқан сөз дайында. Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді, Тербетіп, тулатып бір қозғайын да... Аманжол - Рахымжанның Қасымымын, Мен қалған бір атаның ғасырымын. Біреуге жұртта қалған жасығымын, Біреуге аспандағы асылымын. Шарлаған жолым жатыр жер бетінде, Көрінер көлеңкесі келбетімде, Қай жерде үзіледі қайран сапар, Түйін боп өмірімнің бір шетінде. Сол жерге қалармын ба мәңгі тоқтап, Жоғалып жер бетінен сүрлеу-соқпақ. Немесе бастармын ба екінші өмір, Жалынды жыр жолында қызыл шоқ қап Сен қандай бақытты едің келер ұрпақ, Қараймын елесіңе мен таңырқап. Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде, Көрпемді мен жатармын қырда қымтап.