бекер таныстық.. (исполнитель: Қымбат Асқар)

"Бекер таныстық"

Біз екеуміз әттең бекер таныстық,
Таныстық та, махаббатпен алыстық.
Сендік сезім сөніп қалған бұл күнде,
Ал мендегі, сол күйінше әлі ыстық.

Келдім дегем бақытымның бағына,
Қателесіп келген екем зарына.
Сенбейтін де болып алдым бәріне,
Әсіресе адалдықтың барына.

Көп қызғанып, қимаушы едім ешкімге,
Көктем болып, қыр гүліңді ектің бе.
Біз екеуміз жолыға алмай жүрміз-ау,
Сонда мен ше, күзге айналып кеттім бе.

Зәру болдым сенің әсем үніңе,
Асық болдым жолығатын күніме.
Бірақ-бірақ жалған екен бәрі де,
Сенгіштігім жетті ме екен түбіме.

Маған емес өзге жанға тең бе едің,
Алдап соғып, өз ойыңша ерледің.
Мен бақытты болған шақта басқамен,
Қателестім, кешірші деп келмегін.

Кеткен сезім кетті енді келтірме,
Қайта оралмас махаббатты жеңдірме.
Біз жолығып қалсақ егер байқамай,
Мені іздеп келген екен деп жүрме.

Мына жалған дәлелдеді тарлығын,
Ұмытамын мен өзіңді ал бүгін,
Мына өмірдің қарап отсам заңына,
Қоспайды екен, қоспайды екен барлығын....

Авторы: Дастан Матниязов
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Спрячь  Мы встретимся  Between angels papa roach  Гражданская Оборона Против  Алена апина леха  Далгатов Эльдар  Зи чубарук 
О чем песня
Қымбат Асқар - бекер таныстық..?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен