Шыгысым - шырайлы елим (исполнитель: Гульмира Сарина)
Әнін жазған Гүлмира Сарина Сөзін жазған Қалқаман Сарин Өр Алтай, Ертіс, Семей – дүр намысым, Қызғалдақ ғұмырымның құндағысың. Мен сенің бағыңдағы бұлбұлың ем, Жаралған жамалыңды жырлау үшін. Қайырмасы: Кермиық, кербез далам, тербетілген, Айналайын келбетіңнен. Қыран тау, құмай белді, Шығыстай шырайлы елді, Табам ба шыр айналсам жер бетін мен?! Қоғалы, қоңыраулы Зайсан көлі, Марқакөл мөлдіреген ай сәулелі. Шыңғыстау-Тарбағатай – қос биігім, Жасай бер, туған жер, жайсаң белім. Қайырмасы: Кермиық, кербез далам, тербетілген, Айналайын келбетіңнен. Қыран тау, құмай белді, Шығыстай шырайлы елді, Табам ба шыр айналсам жер бетін мен?!