АНАШЫМ КҮЛІМДЕШІ !!! (исполнитель: QARAKESEK x ҚАСҚЫР)

Таусылмайтын жоспар, жеткізбейтін мақсат, 
Жетудің мәні бар ма уақыт таусылайын деп жатса? 
Өткенді кері тартсам, өкініш өртеп тастайды, 
Ал мен оралғым келмейді, өткенді бүктеп тастадым, ей. 
Мойындайм, мен әлі ойындамын, ойланамын, 
Ойдың бойындамын, батып кетпесем, оралам. 
Өмірден орын аламын, маған орыны болса, 
Құдайым қолдаса. 
Жалғыз қалып түн ортасы арақпен достасып, 
Бір бала жылап отыр іштей бәрімен қоштасып. 
Бәрі сенің арқаң, әке,бірақ өмір менікі, 
Ал мен – сенікімін. 
Әке, шыдашы, анашым жыламашы, 
Менен емес, бақытты Тәңірден сұрап алшы. 

Қ-сы: (х2) 
Анашым, күлімдеші, көңілің бүлінбесін, 
Тәңірім саған Жәннаттың гүлін берсін. 

Бұл өнердің қоямын деп соңғы нүктесін, 
Қасқыр әлі жүр айтып өмірге өкпесін. 
Жұтып түтінді, шығардым ішімдегі сөздерді, 
Көздерім қызыл, мама, түш, ұлың өзгерді. 
Ешкімге ұнамайды мендегі зарлы өлең, 
Тағдыр алдайды мені, тасжүрек екен. 
Өзімдікін алып кетем өмірмен төбелесіп, 
Әлбетте, маған керегі – анашым күлімдесін. 
Мама, менің жүретін жолым ұзақ тым, 
Бәлкім баратын жерім – оты Тозақтың. 
Папа, кешір, сенің балаң бұзық тым, 
Ішімде суық сөздерім, жүрегім мұздапты. 
Уайымдама, мама, балаң болмаса да «Бәке», 
Адам болып келемін, сенің қаның, әке. 
Құдайдан сұраймын Жұмаққа жол әкем, шешеме, 
Ішімнен шыққан мына мәтін де кеше. 

Қ-сы: (х2) 
Анашым, күлімдеші, көңілің бүлінбесін, 
Тәңірім саған Жәннаттың гүлін берсін.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Heavy Weight Battle Rap видео версия DoN-A GineX  Hillsong Kiev (United) Цари Вовек (Reign Forever)  Музыкальный доктор Божья коровка  Единородный Сыне прот П Турчанинов  Караламы-Гобэй Карамалы -Губеево Ришат Тухватуллин  Песня императора минус Григорий Лепс  Снег среди лета Л Шепилова 
О чем песня
QARAKESEK x ҚАСҚЫР - АНАШЫМ КҮЛІМДЕШІ !!!?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен