Дуние ай (исполнитель: Терме)
Баспадым жардың шетін құлай ма деп Ішпедім арықтан су лай ма деп Қорқамын дос болуға жаманменен Тар жерде ертоқымын сурай ма деп Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл Өтіп барады өмір құрғыр Ахау арман дүние жалған Хәләуләйлем, хәләуләйлем Жақсылар жақсымын деп айталмайды Жамандар жақсымын деп айқайлайды Жүрген соң бауырыңды күнде көріп Таулардың биіктігі байқалмайды Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл Өтіп барады өмір құрғыр Ахау арман дүние жалған Хәләуләйлем, хәләуләйлем Өмірден (оналалмассын мендігіңмен) Атыңды байлармысың белдігіңмен Аяқта аяқ киім тар болса Не пайда дүниенің кендігінен Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл Өтіп барады өмір құрғыр Ахау арман дүние жалған Хәләуләйлем, хәләуләйлем Ағаштың көзі қара көміріңдей Мылтықтың бойы түзү теміріңдей Өткізген жаксыменен жарты сағат Жаманның өтіп кеткен өміріндей Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл Өтіп барады өмір құрғыр Ахау арман дүние жалған Хәләуләйлем, хәләуләйлем Жолықсак біздің жақтын тентегіне Өмірдің өкінбейдау кеткеніне Уйдегі жалғыз атын сойып беріп Жүгенін ұстап қалады ертеніне Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл Өтіп барады өмір құрғыр Ахау арман дүние жалған Хәләуләйлем, хәләуләйлем Хәләуләйлем, хәләуләйлем Хәләуләйлем, хәләуләйлем