Омирден кулама Арамыздан кетпеши. (исполнитель: Танатар Турсынбек)
Сен жалынсың, жалында күнә бар ма? . Бір қарауға шыдармын шыдағанға. Жарқыныңды, жалынды сүймек тұрмақ, Жақындауға қиын ғой тірі адамға. Сен жалынсың, жалында күнә бар ма? Қарттық та бір келеді тірі адамға. Жаутаң-жаутаң қарарсың сен де маған, Жастығыңның жалауы құлағанда. Домалайды-ай дүние доптай болып. Еш бір теңің, сен жүрсің, жоқтай болып. Түңілдірмей көрінші көзіме ылғи, Түнгі тауда көрінген оттай болып. Жолатпайсың қасыңа оттай болып. Көзқарасың түседі шоқтай қарып. Бірте-бірте кетерсің бір еркектің, Ошағына жанатын отқа айналып. Сен жалынсың, жалында күнә бар ма? Қарттық та бір келеді тірі адамға. Жаутаң-жаутаң қарарсың сен де маған, Жастығыңның жалауы құлағанда. Домалайды-ай дүние доптай болып. Еш бір теңің, сен жүрсің, жоқтай болып. Түңілдірмей көрінші көзіме ылғи, Түнгі тауда көрінген оттай болып.