Сен менің музамсың! (исполнитель: RapLady aka Aika_E.Hb1_r5)

RapLady aka Aika - Сен менің музамсың

Сенімен алғаш кездескенде қобалжып тұрғанмын,
Ал сен маңдайымнан иіскеп болам дедің қорғанын.
Сенің жүзіне қарап күлімдеп құшақтадым,
Біз бақытты адам ек бұл махаббат ұшақтағы.
Талай күндерді өткіздік қуаныш қайғы бөлістік,
1 аптада 7 күн болса біз 8 рет көрістік.
Тәтті балмұздақтар,қыдырдық жиі достармен,
Сонда бізді бәрі екі ғашық деп қосқан еді.
Ал менің ұялғаннан екі бетім қызаратын,
Есіңде шығар бәлкім орындар біздер баратын. 
Отбасымыз жақсы тату боп араласатын,
Жаным көп әлі біздің белестеріміз асатын -
деп арманға батып,қиялдың ойын шырмадық,
Бәрі бізге үй болыңдар,жай болыңдар деп қоймады.
Ал біздің ойымыз оқу еді,сосын басқасы,
Үйленеміз дедік жасымыз 20-дан асқасын.
Қ-сы
Жаратқан сені меннен айырып тастады,
Қалай мен енді сүйем жаным-ау басқаны.
Ажал кеп әкетті,келмейді бұған сенгім,
Көктегі ғашығым музамсың сен менің

2.Бірақ ойымыздағы жоспарлар іске аспады,
Себебі жаратқан бізді екі бөліп тастады.
Сен көкте,ал мен жерде,сенсіз мұнда тұншығамын,
Жүрегім доғарды мына өмірге құлшынғаның
Сол бір күн бізді қинады,қалайша ұрысып қалдық,
Кешірім сұрағансын бірақ мен тырысып қалдым.
Сондағы бар мәселе сенің жол жүруін еді,
1 жыл оқу бабымен шет елге кетемін дедің.
Қалай болғаны деп,көңілімді ашу кернеді,
Сол үшін ұрыс шығардым,түсін жібергім келмеді.
Ертесіне ұшаққа шығарып салуға барып тұрдым,
Көрдің бе сол кезде көздерімнен ауыр бір мұңды.
Мені күт жарайма,екеуміз сосын үйленеміз,
Махаббат теңізінде жүзеді әлі кемеміз - 
деп қатты құшақтадың,ал мен жарайды дедім жаным,
Маңдайымнан сүйіп ұшаққа мініп кете бардың
Қ-сы
Жаратқан сені меннен айырып тастады,
Қалай мен енді сүйем жаным-ау басқаны.
Ажал кеп әкетті,келмейді бұған сенгім,
Көктегі ғашығым музамсың сен менің

3.Ұшақ көтеріліп аспанға қарай жолды тартты,
Ал мен қолымды бұлғап жалғыз аэропортта қалдым.
Үйіме қарай беттеп,көздегі жасты сүрттім
Телефоныма қарап сеннен қоңырауды күттім.
3 сағат өткеннен соң,естідім жайсыз хабарды,
Қазақстаннан ұшқан ұшақ бір аралға құлады- 
деп жатты жаңалықтарда,мен онша мән бермедім,
Сен оның ішінде жоқ шығарсын деп үміттендім.
Ал артынша қоңырау шалынды ұялыма,
Неше түрлі ойлар қалықтайды қиялымда.
Сенің қайтыс болғаның жетті құлағыма
Шыдамым жетпейді тағдырдың сынағына.
Не болып кетті өзі,мен мүлдем түсінбедім,
Әлде бұл өтірік алдамшы түсім бе еді?
Көзімді ашып жұмамын,жұмамын тағы да ашып,
Бұл суық хабардан соң кетіп барады мазам қашып.
1 жылға кеткеніңе мен қатты қапалы едім,
Ал енді мынаны қара тағдыр мазақ қылды мені.
Сен о дүниеге кеттің,келмейсін енді қайтып,
Жүрегімді теседі қаралы осы жайыт.
Сайтан алып кеткір,неге болды бәрі бұлай ?
Біз саған не жазып қойдық О Тәңірім,Құдай ?
Қолымды созам саған,жетпейді ұзақсын,
Көктегі ғашығым сен менің музамсын
Қ-сы
Жаратқан сені меннен айырып тастады,
Қалай мен енді сүйем жаным-ау басқаны.
Ажал кеп әкетті,келмейді бұған сенгім,
Көктегі ғашығым музамсың сен менің.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Den Harrow Day by day  Den Harrow Future Brain  Den Harrow Mad Desire  Exodus Bonded By Blood  Thousand foot krutch - we are  Exodus Exodus  Exodus And Then There Were None  Exodus A Lesson in Violence 
О чем песня
RapLady aka Aika_E.Hb1_r5 - Сен менің музамсың!?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен