Мен сизди унатамын (исполнитель: Аскар Сагитжан)
Мен сізді ұнатамын. Сізді ойлаумен атады бұл ала таңым Жалғыз арман жанымды жайлап алып, сенделемін, үмітпен бүр атамын. Түк еместей әлемдік айыптаулар, не ұмтылған асқарым — жыр, атағым. Мүмкін ессіз осы бір сезіміммен біреулерді өксітіп жылатарым, не өзімді даңқтың тұғырынан мүмкін тіпті біржола құлатарым. Жанса бағым, бәріне де дайынмын — қарсы аламын, қарсы аламын үзіліп қалса да әнім — біреулердің қүңкілін, жазғыруын, мысқылы мен өсегін — баршаларын. Соның бәрі тұрмайды жалғыз ғана сәтімізге қауышар, аңсағаным, бірге жұтар ләззатты таң самалын. Жырлап өтем, белді будым алдағы сынға бекем, арпалысам, асудан-мұңнан өтем. Сізге жетер жолымда кешем бәрін. мені тоқтата алмайды тұлға бөтен. Арпалыссыз, армансыз, мұңсыз күндер — жайбарақат тірліктің құндағы екен. Соның бәрін, бәрін де сезімімнің, сезіміңнің жолында құрбан етем! Ф.Оңғарсынова