Жаным Айжан тойына бара алмадым (2016) [kazVIP.kz] (исполнитель: Даулет Жанов)

Ұмыттың ғой... Қайда әйтпесе хабарың?
Бір қарайған талды күткен жанарым...
Күн сайынғы әдетінше аңсарлы,
Құшағына құлады ақшам қаланың.

Көп кешікпей қияқтанып туады ай,
Бар мұңымды сол ғана ұғар сұрамай.
Жүрегімді қайтсем екен, қадірлім,
Сенен өзге жүрген ешкім ұнамай...

Паң дүние әзиз басын кімге иді?
Бала-қайың бақта үнсіз мүлгиді...
Сағыныш па, сені ойласам әйтеуір,
Отырамын кешіп ұдай бір күйді.

Жетегінде кете алмадым өзгенің,
Бәлкім, сендей бір жылылық сезбедім?
Қайта оралсаң... Қайта оралсаң... Оралсаң...
...Қалмай жатыр сөзге кім?!

Сен кетер деп ойлап па едім жыраққа?
Ол жайында тағдыр бізден сұрап па?
Кейде осы жеккөремін өмірді,
Ертегідей жетпейтұғын мұратқа.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Dere Geliyor Dere Амулет Амани  2 Игристое feat Зубрила Новый Рэп Стриж  Оранжевое солнце Dj Dmitriy Rush Electro  Тополиная метель Владимир БАЖИНОВСКИЙ  Маленькая девочка-Про Жору  Милана Балаева солнце  Я радуюсь жизни Адам Эйвазов 
О чем песня
Даулет Жанов - Жаным Айжан тойына бара алмадым (2016) [kazVIP.kz]?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен