Менi ойла (исполнитель: Еркiн Нұржанов)

Сеземін сүйген жүрекке,
Сағыну соқпас оңайға.
Дегенмен,қалқам,қалайда
Қалт еткен шақта мені ойла

Таңертең тұр да шықты көр...
Оянған шақта мені ойла.
Шұғылаға шығыс түп-түгел
Боялған шақта мені ойла

Мені ойла,жаным,мені ойла!!!

Дүниені нұрлы кірпігің
Қамаса сырға мені ойла.
Талдарға көктем бүртігін
Жаңа аштырғанда мені ойла.

Арадай балға тоймаған
Бал қызғанғанда мені ойла
Дүние жым-жырт айналаң 
Жалғыз қалғанда мені ойла

Тағатсыз аңсар ынтықпын
Жаралы хал ғой, ғашық хал.
Рояль көрсең бір тілін,
Мені ойлап бар да,басып қал.

Тек ғана көзге жас алма
Ойлай бер мені күніге,
Махаббаттардың қашанда
Ойламау жеткен түбіне,
Ойлай бер мені күніге...
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Bright Eyes Ship In A Bottle  Так нужно  Xavier Naidoo Eigentlich gut  Гарри Топор процессы гниения  JoJo Disaster  Сынок гурченко  Я подарю небо  Faithless Bluegrass 
О чем песня
Еркiн Нұржанов - Менi ойла?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен