Сен мені ойлайсың ба (исполнитель: Бақдаулет Арыстан)
Көбейді түсініксіз жұмбақтарда Жаным саған біреулер тіл қатқанда Таң атқанда немесе күн батқанда Сен мені ойлайсың ба? Бір жерге дайындалып боянғанда Жанын сыздап беріліп ой арманға Тәтті ұйқыңнан ертерек оянғанда Сен мені ойлайсың ба? Қарай-қарай не түрлі жалған көзге Жалғыз өзің оңаша қалған кезде Домбыраңды қолыңа алған кезде Сен мені ойлайсың ба? Жүрген сәтте сырласып мұң доспенде Махаббат деп керемет күн кешкенде Біреумен өлеңдесіп тілдескенде Сен мені ойлайсың ба? Аспанда қалықтаған құс көргенде Ұйықтағанда тәп-тәтті түс көргенде Шабытың өлең жазып күш бергенде Сен мені ойлайсың ба? Жанарыңның лаулаған оты барда Санаңа жыр шумағын тоқығанда Сезім жайлы өлеңдер оқығанда Сен мені ойлайсың ба? Сені бәрі сұлу деп таңдағанда Мұңданып таңды таңға жалғағанда Біреулер саған өлең арнағанда Сен мені ойлайсың ба? Кеш батып жерді айналып күн қашқанда Құрбыңмен жігіт жайлы сырласқанда Ұйықтай алмай мазасыз мұң басқанда Сен мені ойлайсың ба? Шын махаббат әндерін тыңдап көріп Маған қалдың қол жетпес қымбат болып Мына сенің бір мені ойлайтының Мен үшін қалар мәңгі жұмбақ болып Бәрі бітті түбі саған бармаймын десең Сенен басқа жігітті таңдаймын десең Енді сені есіме алмаймын десең Мен оған сенгім келмейді Махаббатқа ешқашан күймеймін десең Өкпелеме өзге жанмен билеймін десең Мына сені жақтырмаймын, сүймеймін десең Мен оған сенгім келмейді Көңіліңді мен әдейі суыттым десең Мен өзіңмен бекер-бекер жүріппін десең Болды! Болды сені мәңгілікке ұмыттым десең Мен оған сенгім келмейді Шынымен сенгім келмейді Бәрібір жүрек сенбейді Өзің болмасан сұлуым Мұңымды ешкім жеңбейді! Жеңбейді...