Л.Хамиди-Бұлбұл (исполнитель: Молдир Бакытжанкызы 16 лет)
Айлы түн, айнадайын ашық аспан, Бақыттың жұлдызындай жымың қаққан. Секілді не бар тәтті бұл дүнияда, Жарасқан екі жасқа махаббаттан. Қайырмасы: «А!» десе бұлбұл бақшадан, Жүрекке болсын деп дауа. Қамықпа, сұлу қалқажан, Бақытың әлі алдыңда. А-ха-ха-ха-ха! Деп сайрайды ол маған. Сайрайды бұлбұл әнін тал бағында, Айтқандай тәтті сырын жан досына. Дариға, төбем көкке жетер еді, Болса егер жалғыз еркем жар қасымда. Қайырмасы: «А!» десе бұлбұл бақшадан, Жүрекке болсын деп дауа. Қамықпа, сұлу қалқажан, Бақытың әлі алдыңда. А-ха-ха-ха-ха! Деп сайрайды ол маған.