Кумис кумган-ай (исполнитель: Асылжан Калжанов)
Айналайын қарағым Алтыным-ай-ай Ақ жүзіңді көргенде балқыдым-ай-ай Көрмегелі көп айдың жүзі болды-ай Есен аман-жүрмісің жарқыным-ай-ай Қайырмасы: Күміс құмған-ай, отта тұрған-ай Айналайын көзіңнен ашып жұмған-ай Бекзаттарым-ай жекжаттарым-ай Жекжат болып ауылыңа кеп жатқаным-ай Ай болмаса аспанда адасады-ай Көтермесе көңілді кір басады-ай Жақсылардың кеудесі алтын сандық-ай Кілт болмаса сандықты кім ашады-ай Біздің ауыл сұрасаң бел тұрғанда-ай Қайың ағаш солқылдар жел тұрғанда-ай Күн мен айын біреудің неғылайын-ай Қарсы алдымда күлімдеп сен тұрғанда-ай