Арман жырым - аруларым (исполнитель: Сакен Майгазиев)

Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктетер аласаны.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел, 
Табынып ер кімдермен таласады? 

Қайырмасы: 
Өрімтал, көркем, сұлу мүсін, 
Көргенде қайран қап, күюің шын. 
Мың ақын жырласа тіл жетпейтін, 
Бұл қыздар жаралған тек, 
Бұл қыздар жаралған тек, сүю үшін. 

Қана алмас құмарың қарасаң да, 
Сұлуға ынтық сұңғақ, аласаң да. 
Жердегі аруға жетер емес, 
Аспанның сан жұлдызын санасаң да. 

Қайырмасы: 
Жүздірер жүректі нұрлы үмітке, 
Басыңа қоятын мұңды үйіп те. 
Қиял мен жұмбақтан жаратылған, 
Қыз-ару қалар мәңгі, 
Қыз-ару қалар мәңгі, бұл биікте. 

Шалқытып шаңырағын тамашаның, 
Бақытын отбасының жар ашады. 
Тірліктің түп мәні ұрпақ деген, 
Аруға ана болу жарасады. 

Қайырмасы: 
Көктегі Ай, Күндей дара тұлғаң, 
Қыз десе дүние, дала тынған. 
Қазақтың намысы – ару қыздар, 
Мәңгі өлмес арман-жырдан, 
Мәңгі өлмес арман-жырдан, жаратылған.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Rollins Band Going Out Strange  Bus a Rhyme Eminem  Rollins Band We Walk Alone  Rollins Band Let That Devil Out  Rollins Band All I Want  Rollins Band The End Of Something  Rollins Band On My Way to the Cage  Rollins Band Thursday Afternoon 
О чем песня
Сакен Майгазиев - Арман жырым - аруларым?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен