Жанарым (исполнитель: Дос-Мұқасан және Құрманай)
Сапар шексем алсықа Сен жанымнан қалмайсың Қиындықта қалыспай Қиялымды жалғайсың Мол бақыттың жайын да Сырласумен айта алдық Қарағай мен қайыңдай Қатар тұрып жайқалдық Қайырмасы: Сәулем, сәулем, сәулем Кір шалмаған арымсың Сезімдегі жалынсың Басымдағы бағымсың Домбыраның үні - сен Жүрегімнің жыры - сен Жанарымның нұры - сен Күндіз күлген күнімсің Түнде туған айымсың Жайнап тұрған гүлімсің Ойға шомған қайыңсың Домбыраға тағылған Егіз шектей жұптастық Үміт алда жағылған Келешекке нық бастық Қайырмасы: Сәулем, сәулем, сәулем Кір шалмаған арымсың Сезімдегі жалынсың Басымдағы бағымсың Домбыраның үні - сен Жүрегімнің жыры - сен Жанарымның нұры - сен Көзің сенің мөлдір көл Тымық күйде жолықтым Шарасынан сол бір көл Төгілер деп қорықтым Жаз орнатқан жаныма Сәулем - сұлу сезімсің Жарық күнді силаған Жанарым да өзіңсің Қайырмасы: Сәулем, сәулем, сәулем Кір шалмаған арымсың Сезімдегі жалынсың Басымдағы бағымсың Домбыраның үні - сен Жүрегімнің жыры - сен Жанарымның нұры - сен