Ай мен Күндей тағдырымыз (исполнитель: BaGi x Ruslan Kozha)
Ай мен Күндей тағдырымыз Сен ұқпадың, ұғуға тырыспадың да, Қалып кеттік махаббаттың құбылыстарында. Жып-жылы ұстадым да саған дейін көңілімді, Ал сен болсаң өсектей бердің менің өмірімді. Қайтеміз енді, жазбаса тағдыр, Білесің өзің, махаббат – соқыр. Таңдапты бізді құрбан ретінде, Қайталап қайта алмаймыз, болды өкінбе. Сүйемін ені, несіне жасырам, Сен жайлы ойым менің, шықпайсың басымнан. Ұзадың қасымнан, ұзады арамыз, Белгісіздік бағытына бөлек барамыз. Қалмады шарамыз, не істейміз, айтшы маған, Бұл сезім өлтіреді, пенделер жоқ шыдаған. Не болды, айтшы маған, не жақпай барады саған, Сенің екінші бөлігің – періште емес, адам. Қ-сы: Айды көрдің бе аспанда, Аңсап тұрған Күнді. Бізде де солай, Жазыпты тағдыр адастырып бізді. Сонда да сүйдім сізді, Сонда да сүйдім сізді. Қоспады тағдыр бізді, Қоспады тағдыр бізді. Қоспады тағдыр бізді. Білінбестен өте берді уақыт, Ізін жайменен суыта берді бақыт. Бір өкініштісі – ұзақ соғылған әлем, Үндеместен оны кете бердің құлатып. Жүрегімді жылатып, биік құздан құлатып, Сені көрмегендерді сен жайлы сұратып. Ажырағалы екеуміз жалғыздықты мен ұнатып, Жүрегімде көктемді бір сәтке кеттің қуратып. Кінәлайсың мені, қатеңді мойындау ауыр, Сүйіп қалғаннан бөлек қатты басыппын мен бауыр. Өкпеме сыймай барады басылмайтын ауа-дауа, Ешкімге білдіртпейін көрсетпей іште тынған ауыр. Қоспапты тағдыр, жазбапты тағдыр, Жүрегімнің дәрігері болшы, сабыр. Көрмеші жәбір, жүрегім, өзгелерден, Ешкімді сүймеспін енді, сөз берем мен. Қ-сы: Айды көрдің бе аспанда, Аңсап тұрған Күнді. Бізде де солай, Жазыпты тағдыр адастырып бізді. Сонда да сүйдім сізді, Сонда да сүйдім сізді. Қоспады тағдыр бізді, Қоспады тағдыр бізді. Қоспады тағдыр бізді.