НҮКТЕ (2016) (исполнитель: QARAKESEK)

Анашым, менің шашыма ақ түсті.
Сен тірі болсаң, түспес еді.
Мен ылғи жүруші едім өзіңдегі күшке сеніп.
Сені қара жерге берерімде көп жыладым егіліп...
Кетті маған қара жер де қатаң болып көрініп.
Жанымды езді өкініштің толқыны.
Самайыма аппақ қырау түсіпті, ана, сол түні...
Сен қасымда жүргенде жас едім, күн көріпті,
Сен қара жер құшағына кіргенде балалығым бірге өліпті.

Анашым, екі жыл бұрын шықтым детдомнан,
Менің ешқашан төрт құбылам тең болмады.
Содан бері әр қуысты келем паналап,
Еске салады қадіріңді басқалардың аналары.
Міне Жаңа жыл, тағы жалғыз қарсы алдым,
Анашым, сен бардағы қуанышты аңсадым.
Тума-туыс әкеліп тастады мені осында,
Сен кеткесін өмірден тосынан.
Болашақ бұлыңғыр, білмейм не боларын,
Бәлкім аяққа тұрармын, бәлкім құлармын.
Тұрақты жұмыс жоқ, айналам парақор,
Ал мен нашақор, қайдан болсын (кешірші).
Расында, бұл жалғанда тамырсыз қалдым,
Кешегі барған жұмыс мені емес, танысын алды.
Шаршадым дей алмаймын, бірақ мен төзім жоғалттым,
Анашым, сені іздейм деп мен өзім де жоғалдым.
Бәлкім бұл өмір адасты ақылынан,
Тіпті ауасы тар, содан ба алқынғам.
Бұл жолы аяқ-қол емес, тоңды жүрек,
Нан табу керек, керек екі қолға бір күрек.
Дөрекі, миым жоқ, дымға күйім жоқ,
Жаңа киім жоқ, бір сөзбен, тиын жоқ.
Бақыт деген не?
Жай ғана сөз деймін,
Бәрібір Құдайдан үмітті үзбеймін.

Мам, ашық аспанда көзім көрмеді қара бұлттан,
Асығып бір жаққа ем іздеп жүрегім алабұртады.

Қ-сы: (х2)
Анашым, өзіңді сағынып тағы да көз ілдім,
Ештеңе ойланбай мәңгіге оянбай кетсем деймін.

Жарайды, қатқан қара наныма шүкір,
Мен оған дым жылымаймын.
Сізге тек бақытты жазсын,
Маған жазса да мың жыл қайғы.
Үстімде күртешем, жаңбырдан соң ылғал болды,
Ішімнен жалбарындым көкке жайып мендегі қолды.
Жетімнің күйін кім білсін, зар жылаған күндерім,
Күндіз сол көздегі жас, жасырмаймын.
Түнде де мұң...
Түнде де мұң...
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
VnKmnOt  Фонограммы  Und Sie Was machen Sie  Как Vigoss LegMC  Я в жизни видел много  CarMan  Камия 
О чем песня
QARAKESEK - НҮКТЕ (2016)?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен