Мен сыйға тартқан орамал (исполнитель: Еркін Нуржанов & Роза Алқожа)

Біз енді қайтер екенбіз?
Жақынбыз және бөтенбіз.
Алыстан келсең, алдыңнан
Су алып шығар бөтен қыз...

Қайырмасы:

Тон алар, бәрі тон алар...
Өзіңдей кімдер бола алар?
Жоғалар бір күні, жоғалар, 
Мен сыйға тартқан орамал.

Тағдырдың болды жазғаны,
Жар етіп алдым басқаны.
Өзің боп қалдың мәңгілік
Арманның биік асқары

Қайырмасы:
 
Тон алар, бәрі тон алар...
Өзіңдей кімдер бола алар?
Жанымды-ай жүр ғой жылытып 
Сен сыйға тартқан орамал

Сен қайда қалып барасың?
Қарайған нүкте ғанасың.
Жанымды үнсіз жаралап,
Жарасын өзің таңасың.

Қайырмасы: 

Тон алар, бәрі тон алар...
Өзіңдей кімдер бола алар?
Жоғалар бір күні, жоғалар, 
Мен сыйға тартқан орамал.

Жанымда жүрер бөлінбей,
Орамал сенің көзіңдей.
Оралған сол бір көктемнен
Алғашқы нәзік сезімдей!

Қайырмасы:
 
Тон алар, бәрі тон алар...
Өзіңдей кімдер бола алар?
Жанымды-ай жүр ғой жылытып 
Сен сыйға тартқан орамал

Мазамды алды мына ақшам,
Семсерін кезеп сұрақ сан.
Күлдіріп отыр басқа жан,
Жақсы еді-ау сен кеп жылатсаң.

Қайырмасы:

Тон алар, бәрі тон алар,
Өзіңдей кімдер бола алар?
Жоғалар, бір күн жоғалар,
Мен сыйға тартқан орамал.

Орамал сірә тон емес, 
Жастықтан қалған ол елес.
Сүйікті жанның сезімін
Жүрексіз ғана елемес!

Қайырмасы:
 
Тон алар, бәрі тон алар...
Өзіңдей кімдер бола алар?
Жанымды-ай жүр ғой жылытып 
Сен сыйға тартқан орамал.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Despised Icon End This Day  Despised Icon Grade A-One  Despised Icon Absolu  Despised Icon Fashionable  Despised Icon Interfere In Your Days  Despised Icon Despise The Icons  Through the Eyes of the Dead Two Inches From A Main  Through the Eyes of the Dead Beneath Dying Skies 
О чем песня
Еркін Нуржанов & Роза Алқожа - Мен сыйға тартқан орамал?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен