Тамшы ғұмыр [durysrap] (исполнитель: G-Staz(Нұржан))
Ей, жалған, өкінбе сен қайта туып жаралсам Тұңғиықта түнеп жүрген тамшы жасты таба алсам Түлкісі жоқ дүниенің кірпіші боп қалансам Ал әзірге сыр шертеді қолымдағы қаламсап Өмірді сүйдім рахым деп, өлімді сүйдім хақым деп Өзімді сүймей ақын деп, соқтырдым мен сұрапыл леп Көр болсада да көзқарасың көзді сүйдім жақын деп Тозақтан бірақ шығамын тоқтатпаса ақыл кеп Шыдаймын шыдамымның шамасы қалса Маған берілген өмірдің бағасы қанша Ойланамын ойларымның санасы қалса Тамсанбаймын тәтті күнді таласып алсам Қоян емеспін қашатын құмырсқаны аңшы көріп Қасқыр болғым келмесе де қорқынышым қалсын өліп Тамшы ғұмыр тағдыр салған тәлкегіңе тұншықпай Адамдардың көз жасымен құласам ғой тамшы болып Өкінемін, арманым алыс болып кетті Құраным құдіретті тек құдайдан қорық депті Бүгінде иманыма нәпсі дейтін жорық кепті Сүйекке айналдырды тостағандай толық бетті Жарайды күрсінбеймін, ақ гүлім солып кетті Жауларым білсін мейлі онсыз да көріп кетті Мұзға оранып жатқан, ерімей әрқашан қатқан Бейшара жүрегімді надандықпенен көміп кетті Қатігез әлем қойды емес пе жарылқамай Менің жағдайым нашар, ал сенің халің қалай?! Сендерге естілер әлі ессіздеу әнім талай Талабымды ескеріңдер тәніме таңырқамай Уақытым асықпашы сен жанымда қалшы бір сәт Тасбауыр ұлдарыңды құшағыңа алшы құрсақ Адамды өзгертетін адасқан бұл дүниеде Тамшы боп өмір сүрдім, өлсем ғой тамшы құсап.