Аппақ қыз (исполнитель: Д.Танатаров)
Далаға шықсам қатқақ мұз Су төгіп бейне қойғандай Сондай ма көңлің аппақ қыз Жүре алмадың ба ойланбай Табиғатпенен егіз бе Көңілдің ауа райы да Қанғыбас бұлтан мені ізде Шаруаңды қой да жайына Қайырмасы Көзімнің алды буалдыр Түседі қашан кун шуақ Тыңдауын таппай бір ән жүр Жүректі жиі шымшылап Қабылдап әнді қуандыр Көңілім қалсын тыншып-ақ Аппақ қыз аппақ балмұздақ Көңілің сондай суық па Амал не сенсің жалғыз бақ Бағбаның болам ұмытпа Тоқтап тұр уақыт көрдің бе Бәрі де саған тұр қарап Тұрақтай алмай көңліңде Кетер ме екенмін сырғанап Тайғанап көрдім япырмай Құпия неткен қыз біткен Шақырып тұрып шақырмай Үзілген үміт үздіккен Келер-ау көктем тағы да Сыйлайтын бойға бұлағын Жүгінсек өмір заңына Күтудің соңы қуаныш