Армансыз пенде (исполнитель: SARIM)

I.
Болсам да үйдегі жалғыз бала.
Балалық қызықты дəурен деген аңыз ғана.
Ыстық күндерде шілде мен тамыздарда.
Ауызым құрғағанда бір тамшы су тамызбаған.

Сəтсіздікті тағдыр деп өзімді жұбатумен.
Уақыт көрсетед деп үмітімді шұбатумен.
Не мақсат жоқ, не арман жоқ.
Қиялдап жалыққан соң кəзір бірі қалған жоқ.

Мен үшін ең қымбат бұл өмірде жақындарым.
Солардың амандығын тілейм оған хақым бар.
Қалғанын лақтырам, немесе жөндеп алам.
Мен үшін бір адам до конца тұрса ол тек анам.

Өмір деген ауа-райдай əр күні əр түрлі.
Кейде тұман басады көрінбейді алдыңғың.
Күнде боран бола бермейд, төзе білсең күн шығад.
Шамадан тыс күліп қойсаң қайтаратын күн туад.

Ертең мен кім болам бай ма, əлде кедейме?
Осындай сұрақтар сені де келіп кернейме?
Ішімдікпен дос болып, ілініп тағдыр қаталына.
Мен де қосылмасам болды ақымақтар қатарына.

Қ-сы:
Өмір деген кино, білем мен артистпін.
Тағдыр деген сюжет, бірақ сценарист кім?
Оператор төбе, режиссёр өзім, достар.
Ата-анаң разы болса міне саған нағыз Оскар.

II.
Басқаға бақыт қалай сезілед білмейм, өз басыммен.
Күнде кешке дастарханда жиылып отбасыңмен.
Бір тостақ тамағыңды күліп отырып жеген.
Соның өзі өмірдегі бақытты сəттің бірі екен.

Мама рахмет тоғыз ай ішіңде көтергеніңе.
Кешір мені кейде саған дауыс көтергеніме.
Білем мама, бірақ əдейі емес.
Ертең қатын алғанда қандай боласың демеш.

Ертең мен кім болам, əйелім кім болад?
Басыма бақ болама, жоқ əлде сор болад?
Мен бəріне көнем, мен бəріне шыдайм.
Тек отбасы ойранынан сақташы құдай.

Ешқашан жеңілмейм деп өзіме мен ескертем.
Жолымды аяқтасам асып өтіп белестерден.
Парызымды өтеп мəңгіге келмеске кетем.
Өмірімнің соңын кинодағыдай елестетем.

Қ-сы:

Өмір деген кино, білем мен артистпін.
Тағдыр деген сюжет, бірақ сценарист кім?
Оператор төбе, режиссёр өзім, достар.
Ата-анаң разы болса міне саған нағыз Оскар
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
6 рота Ратмир Александров  Гамора тт  Хиро вверх  Девочка моя текст  Желтые тюльпаны мы  Песенка трубачей  Бухач и слэм  Песня ярмак украина 
О чем песня
SARIM - Армансыз пенде?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен