Анага хат (исполнитель: МузАРТ)
Мереке күніңмен Қарсы алам өзіңді Сәбилік үніммен Арнаймын сөзімді Қ-сы: Көргенше алаңмын Аңсаймын, толғанам Қабыл ал балаңның Сәлемін жолдаған Бөбегің оянса Ұйқыңнан мың тұрдың Гүліңмен балауса Көктемдей құлпырдың Қ-сы: Аялап алақан Әлпештен өсірген Аяулы жан анам Қатемді кешірген Қ-сы: Сырымды ұғатын Өзіңсің қуатым Күнімсің шығатын Айымсың туатын Қ-сы: